Ақтөбе қаласында 3 күн: 11 мамырдан бастап 14 мамырға дейін ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады

Карта объектов водоканала

Жылумен, ауыз сумен жабдықтау және кәріз су бұру қызметтерін көрсетуші  алдын ала жоспарлап, бұрын хабарлағандай Ақтөбе қаласындағы ыстық суды 3 күнге: 11 мамырдан бастап 14 мамырға дейін тоқтатылатындығын хабарлаған болатын.

Бұл күндері «Aqtobe su-energy group» АҚ «ЖЭО» АҚ-мен бірлесіп, магистральды және ішкі кварталды жылу желілерін жыл сайынғы гидравликалық сынау жұмыстарын жүргізеді.

         Жылу жүйесін жылына екі рет тексереді. Яғни жылыту мерзімі аяқталуда көктемде және жаңа жылыту мерзімі басталар бұрын күзде. Бұл сынауда жүйедегі «әлсіз» жерлер анықталып, жаз айларында сол жерлер қайта қалыпқа келтіріп жөнделеді. Күзгі сынауларда жылу маусымы кедергісіз жүзеге асырылуы үшін атқарылған жұмыстардың деңгейі тексеріледі. Жоспарланған шаралар қала тұрғындарын жылумен қалыпты жабдықтау үшін орындалады.

         ЖПК (КСК), Тұтыну кооперативтері, кондоминиумдер мен өзге де тұтынушылар сынау жұмыстары барысында үйлер мен ғимарттардың жылу жүйелеріндегі  ілмекті арматураны нық жабулары қажет.

         Ыстық су қала тұрғындарына 14 мамыр күні беріледі деп жоспарлануда. Бірақ «Aqtobe su-energy group» АҚ түсіндіруі бойынша кейбір нысандар жоспарланғаннан артығырақ уақыт алуы мүмкін. Бұл еріксіз шара, сондықтан қала тұрғындарынан түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін аладын ала кешірім сұраймыз.

         Жылумен жабдықтаушы ЖПК (КСК), Тұтыну кооперативтері, кондоминиумдер мен жеке пәтер иелерінен қысқы мерзімге даярлықты артқа қалдырмауға кеңес береді. Қыста пәтерлердің суықтығына шағымдану мақсатында жаз бойы жылу құбырларының ішкі желілерін, ілмекті арматураны тексеріп, құбырларды жуып, қажет болған жағайда  істен шыққандарды ауыстыру қажет екендігін ескертеді.