Заңсыз суару фактілері

Image

Заңсыз суару фактілері

“Aqtobe su-energy group” АҚ мобильді бригадасы қаладағы бақшаларды және жасыл желектерді заңсыз суару фактілерін белсенді түрде анықтауды жалғастыруда.

1 мамырдан бастап кәсіпорында мобильді бригадалар жұмыс істейді, олар су құбырларына заңсыз қосылуларды және күндізгі уақытта бақшалар мен гүлзарларды заңсыз суару фактілерін анықтау мақсатында қаланың әртүрлі аудандарында сумен жабдықтау жүйесін мұқият тексереді.

Бүгін Сәтбаев көшесі, 18 мекенжайы бойынша жертөледен диаметрі 15 мм болатын пластикалық құбыр есепке алу құралынсыз және шарт жасаспай заңсыз қосылғаны анықталды. Бұзушылық актісі толтырылды.

Қалада жасыл желектерді тек 23:00-ден 05:00-ге дейін суаруға рұқсат етілгенін еске саламыз. Осы ережелерді бұзған жағдайда абоненттер біздің кәсіпорынның қызметтерін алу мүмкіндігінен айырылғанға дейін жазаға тартылатын болады.

Бөлісу: