Техникалық талаптар

Image

Техникалық талаптар

Құрметті абонент!

«Aqtobe su-energy group» АҚ ресми сайтына қош келдіңіз!

Бұл бетте сіз біздің кеңсеге бармай-ақ, қашықтықтан сумен жабдықтау, кәріз су бұру және жылумен жабдықтау бойынша техникалық шарттарды алу үшін өтініш пен құжаттарды бере аласыз.

Техникалық шарттар 5 жұмыс күні ішінде дайындалады. Күрделі жағдайларда негізді түрде бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 188-бабына сәйкес сенімхат және оның өкілеттігін растайтын өзге де құжаттар ұсынылған жағдайда меншік иесі, оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі немесе меншік иесінің заңды өкілі өтініш бере алады.

Өтініш беруші құжаттарды тапсыра отырып, өтініштегі ақпараттың дұрыстығына және ұсынылған құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалығына толық жауапты болады.

Техникалық шарттарды дайындағаннан кейін «Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері сізбен өтініште көрсетілген байланыстар бойынша хабарласады және техникалық шарттардың түпнұсқасын немесе дәлелді бас тартуды қалай және қайдан алуға болатынын хабарлайды.

Осы шарттармен келіссеңіз, пішінді толтырып, құжаттарыңызды қосыңыз.

Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ

Бланк заявления с перечнем документов для выдачи ТУ к сетям водоснабжения и водоотведения (рус-каз)

Бланк заявления с перечнем документов для выдачи ТУ к сетям теплоснабжения (рус-каз)