Оқиға

Image

Оқиға

"Aqtobe su-energy group" акционерлік қоғамы Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерді, мемлекеттік мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды салқын, ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп, сондай-ақ кәріз су бұру қызметтерін көрсететін мекеме.

"Aqtobe su-energy group" АҚ 2020 жылы екі қалалық коммуналдық мекемесі -"Ақбұлақ" АҚ және "Трансэнерго"АҚ қайта ұйымдастыру арқылы құрылды.

Акционерлік қоғам 220 км магистральдық және тарату жылуын, 1.000 км-ден астам су құбырларын, 550 км-ге жуық кәріз желілерін пайдалануды жүзеге асырады. 24 қазандыққа, 6 сорғы станциясына және 79 топтық пунктке, 55 кәріз сорғы станциясына, 35 бастоғанына қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның балансында 30 мыңнан астам құдық бар.

"Aqtobe su-energy group" АҚ қызметтерін 150 мыңға жуық абонент пайдаланады, оның 137 мыңы — жеке тұлғалар және 5 мыңнан астамы — заңды тұлғалар.

Кәсіпорынның негізгі қызметі жылу, ауыз су және кәріз нысандарының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Тұтынушыларды суық және ыстық сумен және жылумен қамтамасыз ету, жөндеу науқанын уақытылы өткізу. Жылу және сумен жабдықтау, кәріз су бұру, тұтынушылардың лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз ету, Ақтөбе қаласының тұрақты дамуы бойынша қолжетімді қызметтерді көрсету. Сондай-ақ суды тұтыну мәдениетін қалыптастыру, өңірдің табиғи байлығын сақтау.

«Aqtobe su-energy group» АҚ әлеуметтік мәселелерге, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттауға аса көңіл бөледі. Кәсіпорында шағын футбол, волейбол, дойбы, шахмат жарыстары дәстүрге айналған.

2013 жылдың 03 қарашасы мен 16 желтоқсаны аралығында «Aqtobe su-energy group» АҚ кәсіпорынның кәсіподақ комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған шағын футболдан, волейболдан, дойбыдан және шахматтан турнир өткізіліп тұрады. АҚ бөлімдері мен бөлімшелері арасындағы Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.