Ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының бұзылуын анықтау жөніндегі іс-шаралар

Image

Ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының бұзылуын анықтау жөніндегі іс-шаралар

“Aqtobe su-energy group” АҚ қызметкерлері Өндірістік аймақ аумағындағы ағынды суларда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.

Су инспекциясы бөлімінің мамандары ағынды сулардың сынамаларын алып, содан кейін бұл сынамалар астаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясын өлшеу үшін зертханаға жібереді. Бұзушылықтар анықталған уақытта ұйым қызметкерлері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар актісін жасайды, бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда деректер “Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті” РММ-ге жіберіледі.

Осында рейдтерді тұрақты жүргізу өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және су ресурстарының ластану деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Бөлісу: