Рұқсат етілген шекті концентрациялардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар
“Aqtobe su-energy group” АҚ қызметкерлері ағынды сулардағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.
Су инспекциясы бөлімінің мамандары ағынды сулардың сынамаларын алып, содан кейін бұл сынамалар астаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясын өлшеу үшін зертханаға жібереді. Бұзушылықтар анықталған уақытта ұйым қызметкерлері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар актісін жасайды, бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда деректер “Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті” РММ-ге жіберіледі.
Осында рейдтерді тұрақты жүргізу өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және су ресурстарының ластану деңгейін төмендетуге ықпал етеді.