09.09.2024
Құрметті ақтөбеліктер!
11-13 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласы мен Есет батыр (бұрынғы Нұр Ақтөбе) шағын ауданының тұрғындарын ыстық сумен жабдықтау шектелетіндігі жайында естеріңізге саламыз.
Бұл күндері «Aqtobe su-energy group» АҚ «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-мен бірлесіп, магистральды және ішкі кварталды жылу желілеріне жыл сайынғы гидравликалық сынау жұмыстарын жүргізеді.
Ыстық су қала тұрғындарына 14 қыркүйек күні беріледі деп жоспарлануда. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.