Облыс әкіміне облыс орталығының алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы айтылды.

Image

Облыс әкіміне облыс орталығының алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы айтылды.

«Aqtobe Su-Energy Group» АҚ өңір басшысынаоблыс орталығының алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы айтып берді.

«Аqtobe Su-Energy Group» АҚ Бас директоры Қуандық Қасымов коммуналдық кәсіпорынның апаттық-диспетчерлік қызметінің жаңа ахуалдық орталығының жұмысын таныстырды. Үлкен экрандар онлайн режимінде кәсіпорынның балансында тұрған барлық нысанды көрсетеді. Айтып өтейік, қазандықтар, сорғы станциялары, жылу желілері, КСС және басқа да нысандар цифрландырылды.

Ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Желіде 4 оператор кезекшілік етеді. Қала тұрғындары сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау (субабоненттер) мәселелерімен 740-444 бірыңғай нөмірі бойынша жүгіне алады.

Бүгінгі таңда кәсіпорынның балансында 1 603 шақырымды құрайтын су құбыры желілері, 601шақырым кәріз желілері, 268,7 шақырым жылу желілері, тағы 68 КСС және 27 қазандық бар. Абоненттер саны 154 771-ге жетті. Бұл – жеке және заңды тұлғалар.
Компанияның жылу желілеріне 1 538 көппәтерлі үй, 57 мектеп, 48 балабақша, 73 мемлекеттік мекеме, 38 медициналық ұйым және басқа да нысандар қосылған.

Жылыту маусымына дайындық аясында 108 учаскеде 7 шақырым жылу желісі ауыстырылды, 2,5 шақырым жылу желісі қайта жаңартылды, 100 учаскеде тағы 4,5 шақырым желі күрделі жөндеуден өтті. Жұмыс толығымен аяқталды. Қазір халықпен жұмыс жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда Қуандық Қасымовтың айтуынша, 190 үй қысқа дайындық паспортын алды, 400-ден астам өтініш қаралуда.

Облыс әкімі Асхат Шахаров коммуналдық кәсіпорынның нысандарды цифрландыру бойынша жүргізген жұмысын жоғары бағалады.

«Барлық нысан цифрланған, бұл төтенше жағдайларда жедел әрекетуге мүмкіндік береді. Бұл энергия ресурстарының үлкен шығындарын да болдырмайды. Жалпы, жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыстардың жақсы атқарылып жатқанын атап өткім келеді. Бірақ босаңсуға әлі ерте. Тұрғын үйлер бойынша бақылауды сақтау, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік нысандардың дайындық барысын бақылау қажет. Мектептерге, балалар мекемелеріне, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік нысандарға жылу жоспарға сәйкес беріледі. Ал үйлерге - ауа райына байланысты болады», - деді әкім.

Бөлісу: