18.09.2024
Резервуарларды тазалау жұмыстары
Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары «Жаңақоныс-Бірлік» бастоғаны аумағында КАО Илосос техникасын пайдалана отырып, резервуарларды жуу жұмыстарын жүргізді.
Илосос - бұл шламды және басқа сұйық қалдықтарды тазартуға арналған арнайы құрылғы. Жуғаннан кейін жұмысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және ұйымның зертханасы тексереді. Аталған тексеріс аяқталғаннан кейін резервуар залалсыздандырылады және шайылады, таза сумен толтырылады.
Жұмыс барысында сумен жабдықтауға ешқандай шектеулер болған жоқ, сумен жабдықтау әдеттегідей жүзеге асырылды.