Сайттан тыс кездесу
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен көшпелі жиын аясында қаланың алдағы жылыту маусымына дайындық деңгейі қаралды.
Жиын барысында “Aqtobe su-energy group” АҚ барлық желілері мен қазандықтары жылумен жабдықтауға толық дайын екендігі атап өтілді. Ағымдағы жылы мекеменің 27 қазандығында және 8,2 шақырым жылу желісінде жөндеу жұмыстары аяқталып, инфрақұрылымның сенімділігін тексеру үшін гидравликалық сынақтар жүргізілді.
Жиында жылыту маусымына дайындық актісін алу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда 1538 көппәтерлі үйдің тек 495-і ғана дайындықты аяқтап, аталған құжатты алды. Бұл жылытуға сенімді қосылуды қамтамасыз ететін маңызды кезең. Сонымен қатар, 737 білім беру нысандарының 732 – сі, ал 360 медициналық мекеменің 353-і жылыту маусымына дайын.
Жылыту маусымының сәтті басталуы үшін қалған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар дайындық жұмыстарын жеделдетіп, дайындық паспорттарын уақтылы алуы маңызды, бұл олардың жылу жүйесіне қосылуына кепілдік береді.