Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Image

Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Қарттар күніне орай “Aqtobe su-energy group” АҚ көптеген жылдар бойы халықтың игілігі үшін еңбек еткен құрметті ардагерлерін құттықтау дәстүрін жалғастыруда.

750-ге жуық зейнеткерге адалдығы мен кәсіпорынның дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы ризашылық білдіру ретінде сыйлық сертификаттары табысталуда.

Мекеме Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ көп жылдық жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, денсаулық пен амандық тілеп ардагерлерімізді жеке құттықтады. Ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, қазіргі басшылыққа қолдау білдіріп, компанияның одан әрі жетістіктерге жетуіне ақ баталарын берді.

Сіздердің әрқайсыларыңыз ұйымның қалыптасуы мен дамуына маңызды үлес қосты, еңбектеріңіз әрқашан біздің қызметкерлеріміздің жүрегінде қалып, жас ұрпақты шабыттандырады. Біз барлық құрметті ардагерлерге денсаулық, бақыт және ұзақ жылдар бойы амандық тілейміз!

Бөлісу: