03.10.2024
Бұзушылық анықталды
Кезекті тексеру кезінде Батыс-2, 51В (7 қабатты тұрғын үй кешені) мекенжайы бойынша “NS Group KZ” ЖШС тұрғын үй кешенінде бұзушылық анықталды. Аталған нысан “Aqtobe su-energy group” АҚ тиісті шартынсыз сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін заңсыз пайдаланған. Жертөледе суық суды есепке алудың жалпыүйлік аспабы орнатылған, алайда есептеу құралына пломба қойылмаған, бұл белгіленген нормаларды бұзу болып табылады.
Аталған бұзушылықтар бойынша мамандар тиісті шаралар қабылдап, айыппұл салу үшін заң бөліміне тапсырылатын акт толтырылды.