Ақтөбе қаласында 10 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады

Image

Ақтөбе қаласында 10 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына сәйкес, «Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары туралы» 38-1 тармағының негізінде, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы Цельсий бойынша +10 және де одан да төмен градусқа дейін 5 тәулік бойы төмендеуі күтілуіне байланысты. Осыған орай, Ақтөбе қаласы бойынша жылыту маусымы 2024 жылғы 10 қазаннан бастап мектептер, интернат үйлері, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер, сонымен қатар тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар үшін басталатын болады.

Бөлісу: