Жалпы қалалық тазалық

Image

Жалпы қалалық тазалық

Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері қаланы санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша екі айлық аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты. Ауа-райына қарамастан, кәсіпорынның 250-ден астам қызметкері барлық нысандарды тазалауға шықты, әр бөлім тазалықты сақтауға өз үлесін қосты.

Біз барлық тұрғындарды осы маңызды бастамаға қосылуға шақырамыз. Мұндай іс-шаралар қала экологиясын жақсартуға ғана емес, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етеді.

Табиғатқа қамқорлық-бұл біздің ортақ борышымыз және қаламыздың болашағына қосқан үлесіміз.

Бөлісу: