Жылу алу проблемалары

Image

Жылу алу проблемалары

@aqtobesu инстаграм парақшасының direct бөліміне 12 шағынауданы, 42 мекенжайы бойынша жылумен қамтамасыз етілуден мәселе туындағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Біздің кәсіпорынның мамандары өтінішке жедел ден қойып, берілген ақпаратты тексеру жұмысын жүргізді.

Нәтижесінде жағдайдың жеке сипатта қаралатындығы анықталды.
Өйткені, үйге жылу толық берілген.
Аталған мекенжай бойынша бірнеше пәтерде жылуды толық көлемде алуға кері әсер ететін жылу жүйесінде бұзушылықтар бар екендігі анықталды.

Пәтер иелеріне орын алған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Бөлісу: