Гидравликалық сынақтар-тұрғындар үшін тұрақты жылумен қамтамасыз етудің кепілі.

Image

Гидравликалық сынақтар-тұрғындар үшін тұрақты жылумен қамтамасыз етудің кепілі.

Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ жылумен жабдықтау бөлімінің мамандары Әскери қалашық, 135 мекенжайы бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Үйге жылу 11 қазанда берілді. Үй иесіз және оның инженерлік желілері 34 жыл бойы жөнделмеген, оған қоса әлсіз жерлерді анықтауға және оларды уақытында жоюға көмектесетін гидравликалық сынақтар да жүргізілмеген. Бірнеше күннен кейін тұрғындар төмен жылу туралы шағым түсірді. Тексеру барысында үйдің желісінде зақым табылды, мекеме мамандары жылуды қайта беру мақсатында дереу жұмысқа кірісті.

Қазіргі уақытта жылу беру толығымен қалпына келтірілді және тұрғындар уақтылы көмек көрсеткені үшін мекеме мамандарына ризашылықтарын білдірді.

Бөлісу: