Жылу мәселесі бойынша ақпарат алынды

Image

Жылу мәселесі бойынша ақпарат алынды

”Aqtobe su-energy group” АҚ телеграм чатына М. Оспанов көшесі, 58 мекенжайы бойынша жылумен қамтамасыз етілуден мәселе туындағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Біздің кәсіпорынның мамандары өтінішке жедел ден қойып, берілген ақпаратты тексеру жұмысын жүргізді.

Нәтижесінде жағдайдың жеке сипатта қаралатындығы анықталды. Өйткені, үйге жылу толық берілген. Алайда, жертөледе және сүзгі жүйесінде жылуды толық көлемде алуға кері әсер ететін жылу жүйесінде бұзушылықтар бар екендігі анықталды.

Жергілікті басқару нысанының төрағасына орын алған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Бөлісу: