Жылу өндіру проблемалары туралы ақпарат алынды

Image

Жылу өндіру проблемалары туралы ақпарат алынды

”Aqtobe su-energy group” АҚ апаттық-диспетчерлік қызметі бөлімі мамандарына Әйтеке би көшесі, 1 мекенжайы бойынша жылумен қамтамасыз етілуден мәселе туындағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Біздің кәсіпорынның мамандары өтінішке жедел ден қойып, баяндалған мәліметтерді тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру кезінде жылу жүйесінің желісінен ауа шығарылмағаны анықталды.

“Aqtobe su-energy group” АҚ инспекторы мен «8 марта» ПИК өкілдері осы үйдің жылумен жабдықталуын реттеу бойынша жұмыс жүргізіп, жылу энергиясының жай-күйі туралы акт толтырып, оның қалыпты жұмысын растады. Қазіргі уақытта Әйтеке би, 1 мекенжайындағы үй еш қиындықсыз жылумен қамтамасыз етілген.

Бөлісу: