Құрметті ақтөбеліктер!
Сіздерді еліміздің маңызды мерекесі – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – біздің тәуелсіздігіміздің айқын символы, ел бірлігі мен халықтың жасампаз еңбегін дәріптейтін ұлы күн. Қазақстан халқының қажырлы еңбегі мен қайсарлығы арқасында еліміз тұрақты дамып, жаңа жетістіктерге жетіп келеді.
«Aqtobe su-energy group» АҚ ұжымы ретінде біз де өз саламызда аянбай еңбек етіп, қаламыздың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, халықтың өмір сапасын жақсартуға бар күш-жігерімізді салудамыз.
Осы мерейлі күні сіздерге зор денсаулық, табыс және болашаққа сенім тілейміз. Еліміздің әрбір күні жарқын жетістіктермен, мол бақыт пен татулықпен өрілсін! Қазақстанымыздың еңсесі биік, тәуелсіздігі мәңгілік болсын!
Құрметпен, «Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры Куандық Қасымов.