29.10.2024
Жылу өндіру проблемалары туралы ақпарат алынды
@aqtobesu инстаграм парақшасының direct бөліміне Ағ. Жұбановтар көшесі, 308/2 мекенжайы бойынша жылумен қамтамасыз етілуден мәселе туындағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Біздің кәсіпорынның мамандары өтінішке жедел ден қойып, берілген ақпаратты тексеру жұмысын жүргізді.
Нәтижесінде жағдайдың жеке сипатта қаралатындығы анықталды. Өйткені, үйге жылу толық берілген.
Аталған мекенжай бойынша бірнеше пәтерде жеке бұзушылықтар анықталды: радиаторлардың балконға шығарылуы, қосымша радиатордың болуы, секіргіштегі қосымша вентильдің болуы және жылыту жүйелерінде әртүрлі материалдардың қолданылуы басқа пәтерлерге жылуды толық көлемде алуға кері әсер етеді.
Пәтер иелеріне орын алған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.