Командалық пост жаттығуы
“Aqtobe su-energy group” АҚ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп “ҚЫС-2024” командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығулар қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындықты арттыру үшін өткізілді.
Оқу-жаттығу аңызына сәйкес, қазандықтағы шартты жарылыс нәтижесінде жылумен жабдықтау тоқтатылды. Қызметкерлер тұрғындарды эвакуациялау, оларды мектепте уақытша орналастыру бойынша іс-қимылдарды жедел пысықтады, сондай-ақ резервтік тетіктерді пайдалана отырып, жылу беруді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді.
Ұйым мамандарының іс-әрекеттерінің кәсібилігі мен үйлесімділігі олардың кез келген штаттан тыс жағдайларға жоғары дайындығын көрсетті. Тұтынушының қазандығы істен шыққан кезде жылу трассасын жедел монтаждау, желіге қосылу және қалпына келтіру шаралары қысқа мерзімде орындалды.
“Aqtobe su-energy group” АҚ басқа да ұйымдармен белсенді ынтымақтасады, тәжірибе алмасады және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған қоғамдық бастамаларға қатысады. Қауіпсіз жұмыс ортасын құру және қызметкерлердің денсаулығын қорғау — бұл ұйымның басты міндеті.