Тұрғындардан үндеу түсті

Image

Тұрғындардан үндеу түсті

Біздің ұйымның телеграм-чатына тұрғындардан Чернышевский көшесі, 107 мекенжайындағы жылыту жүйесін тексеру туралы өтініш түсті.

«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары аталған мекенжайға барып, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргізді. Тұрғындармен бірлесе отырып, жылу энергиясын есептеу торабындағы жағдай бойынша акт толтырылды.

Тексеру нәтижесінде келесі кемшіліктер анықталды:
- Жертөле ғимараты жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесінің жобалық схемасына сәйкес келмейді.
- Элеватор торабы элеваторсыз (катушка) тікелей жұмыс істеуде.
- Ластануға қарсы сүзгі, термометрлер, манометрлер және құбырлардың термоизоляциясы жоқ.
- Құбырлардың тарылуы және басқа да техникалық ақаулар байқалады.

Тексеру қорытындысы бойынша үйдің басқарушы органына жүйені нормативтік талаптарға сәйкестендіру үшін 5 жұмыс күні ішінде барлық кемшіліктерді жою ұсынылды.

Бөлісу: