Рұқсат етілген шекті концентрациялардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтер

Image

Рұқсат етілген шекті концентрациялардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтер

«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары ағынды сулардағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларын (ШРК) анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Су инспекциясы бөлімінің мамандары ағынды судан сынамалар алып, оларды белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеру үшін аккредиттелген зертханаға тапсырады. Егер бұзушылықтар анықталса, оларды жою бойынша ұсынымдары бар актілер жасалады. Қайталанған жағдайда, біздің ұйым су беру және кәріз су бұру қызметтерін уақытша тоқтатуға мәжбүр болады. Сондай-ақ, бұзушылықтар туралы ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаментіне ары қарай шара қолдану үшін жіберіледі.

Мұндай рейдтерді тұрақты түрде өткізу су ресурстарының ластану деңгейін төмендетіп қана қоймай, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді. «Aqtobe su-energy group» АҚ абоненттерді экологиялық нормаларды сақтауға және табиғи ресурстарды келешек ұрпақ үшін сақтау жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырады.

Бөлісу: