Су – басты байлығымыз.

Image

Су – басты байлығымыз.

Ақтөбе қаласында ауыз судың сапасын бақылауды «Aqtobe su-energy group» АҚ сынақ зертханасы жүзеге асырады.

Кәсіпорынның басты мақсаты – қала мен аудандар тұрғындарын сапалы және жеткілікті мөлшерде ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету. Зертхана Қазақстан Республикасының аккредитация жүйесінде тіркелген, бұл оның халықаралық стандарттарға сай екенін және сынақ жүргізудегі біліктілігін растайды.

Зертхана шамамен 150 ұңғыма мен 40-тан астам сорғы станциясын бақылайды. Күн сайын судан санитарлық-микробиологиялық, органолептикалық және химиялық көрсеткіштер бойынша сынамалар алынады. Жалпы, су 32 көрсеткіш бойынша зерттеледі. Қаланың су жүйесі тек жер асты көздерінен алынған сумен қамтамасыз етіледі, ал ол тарату жүйесіне жіберілмес бұрын міндетті түрде залалсыздандырылады. Барлық жұмыс санитарлық талаптарға және МЕМСТ стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Су – басты байлығымыз. Оны ұқыпты және үнемді пайдалану – болашақ ұрпақ үшін жеткілікті су қорының кепілі.

Бөлісу: