30.12.2024
Сумен жабдықтау желілерін жаңғырту жұмыстары
2024 жылы Ақтөбе қаласында су құбырларын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
19 800 метр су құбыры желілері жаңартылды, соның ішінде:
- 17 135 метр — инвестициялық бағдарлама аясында.
- 2 665 метр — компанияның өз күшімен жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде.
- 50 нысандағы жұмыстар толық аяқталып, инженерлік желілердің жағдайы жақсарып, тұрғындарға су жеткізу сапасы артты.
- Көптеген учаскелерде көлденең бағытталған бұрғылау (ГНБ) әдісі қолданылып, қалалық инфрақұрылымға әсері барынша азайтылды.
- Жобаның барлық кезеңдерінде ауыз су беруде үздіксіздік қамтамасыз етілді.
Біз тұрғындардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды тұрақты түрде дамыту бағытында жұмыс істеуді жалғастырамыз.