«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Image

«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері қала тұрғындарын үздіксіз және сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мереке күндерінде де олар тәулік бойы тынымсыз еңбек етуде.

Мамандарымыз тәулік уақытын ескермей, тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге, ағынды сулардың тиімді жиналуын, сондай-ақ тұрақты жылу беру жүйесін бақылауда ұстап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өтініштерді WhatsApp арқылы +7 705 722 17 51 нөміріне жолдай аласыз. Сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызметке 740-444 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Бізбен Telegram чаты арқылы және Instagram парақшасы @aqtobesu арқылы да байланысу мүмкіндігіңіз бар.

Тұрғындардың барлық өтініштеріне жедел жауап беруге кепілдік береміз!

Бөлісу: