Бүгін Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев “Aqtobe su-energy group” АҚ нысандарына жұмыс сапарымен келді.

Image

Бүгін Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев “Aqtobe su-energy group” АҚ нысандарына жұмыс сапарымен келді.

Бүгін Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев “Aqtobe su-energy group” АҚ нысандарына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол «Қазандық» қазандығында болып, жабдықтардың техникалық жағдайы мен жұмыс барысын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Ермек Боранбайұлы мекеме ахуалдық орталығына барып, цифрландыру процесімен танысты. Бұл жүйе инженерлік желілерді, қазандықтарды, су қабылдағыштарды, кәріздік сорғы станцияларын және басқа да маңызды инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды. Ол енгізілген технологиялар мен модернизациялау бағытындағы жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалады.

Кеңесші мұндай инновациялық шешімдердің ұйым жұмысының тиімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті. Сапар соңында Ермек Маржықпаев ұжымға инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бөлісу: