Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайын жақсарту

Image

Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайын жақсарту

«Aqtobe su-energy group» АҚ Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға үлесін қосуды жалғастыруда. Пилоттық жоба аясында Рысқұлов көшесі, 4 мекенжайында орналасқан құдыққа заманауи биологиялық сүзгі орнатылды.

Бұл сүзгінің бірегейлігі озық биотехнологияларды және арнайы био-препараттарды қолдануында. Мұндай шешім тазарту тиімділігінің жоғары деңгейін және толық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Құрылғыны пайдалану оңай және оны күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар аз, бұл оны қалалық жағдайда қол жетімді етеді.

Егер эксперименттік жоба оң нәтижелерін көрсетсе, компания осындай сүзгілерді бүкіл қала бойынша басқа нысандарда енгізуді жоспарлап отыр.

«Aqtobe su-energy group» АҚ тек Ақтөбе экологиясын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қаланы оның тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз етуді мақсат етеді.

Бөлісу: