Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар

Image

Есептеу құралдарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар

“Aqtobe su-energy group” АҚ мамандары есепке алу аспаптарын тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.

Алтын Орда-2 шағын ауданы, 19Д мекенжайындағы нысанды тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде “Disney” балабақшасында су құбыры мен кәріз жүйесі орталық жүйеге қосылған, алайда есепке алу аспаптары жұмыс істемейді, ал есепке алу аспаптарында пломбалар жоқ екендігі белгілі болды.

Тексеру нәтижесінде мамандар акт толтырып, оны тиісті шараларды қабылдау үшін заң бөліміне жолдады, оған айыппұл салу да кіруі мүмкін.

«Aqtobe su-energy group» АҚ барлық тұтынушыларға қосылу және есептегіш құралдарды пайдалану ережелерін сақтау міндетті екенін еске салады.

Бөлісу: