26.01.2025
Тұрғындардан үндеу түсті
Ұйымымыздың Telegram-чатына тұрғындардан Әйтеке би көшесі, 9 мекенжайындағы жылумен жабдықтау жүйесін тексеру туралы өтініш келіп түсті.
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары көрсетілген мекенжай бойынша жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргізді. Жүйенің жұмысында ауытқулар анықталған жоқ, барлық жылыту құралдары бірқалыпты жылып тұр. Пәтерлердегі бөлме температурасы 23,2-23,9 градус аралығында. Кейбір пәтерлердің иелеріне терезе мен балкон есіктеріндегі тығыздағыш резеңкелерді ауыстыру ұсынылды.