24.02.2025
Кәріз жүйесі – қоқыс жәшігі емес!
Кәріз жүйесінің маңызын күнделікті байқай бермесек те, оған немқұрайлы қарау үлкен мәселелерге әкелуі мүмкін. Құбырлардың бітелуі – дұрыс пайдаланбаудың нәтижесі.
Кәрізге келесі заттарды тастауға қатаң тыйым салынады:
- Тамақ қалдықтары мен май құбырлар қабырғасына жиналып, жүйенің өткізу қабілетін төмендетеді.
- Гигиеналық заттар, сулы майлықтар, памперстер, құлақ тазартқыштар суда ерімей, құбырларды тез бітейді.
- Пластик пен қағаз қалдықтары жиналып, су тежеуіне әкеледі.
- Тұрмыстық химия су тазарту жүйелеріне зиянын тигізіп, экологияны ластайды.
Құбырлардың ұзақ уақыт қызмет етуі үшін:
- Тамақ қалдықтарын қоқысқа тастаңыз.
- Майды арнайы контейнерлерге жинаңыз.
- Қатты қалдықтарды қайта өңдеуге жіберіңіз.
Табиғатты қорғау – өзімізді қорғау! Экологиялық жауапкершілікті бірге көтерейік!