10.04.2025
Қала тұрғындары жылудың қашан сөндірілетініне қызығушылық танытуда.
Ақтөбе облысында жылу беру маусымын өткізу қағидаларына сәйкес, егер түнгі уақытта бес тәулік қатарынан сыртқы ауаның орташа температурасы +10°С жане одан жоғары деңгейде болса, жылу беру тоқтатылады.
Қазір түнгі уақытта ауа температурасы бұл деңгейден төмен болып тұр, сонымен қатар синоптиктердің болжамы бойынша алда күн суытады деп кутілуде. Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде - 3+2°С дейін, күндіз +3+8°C дейін төмендеуі болжанып отыр.
Қаланы жылумен қамту - ауқымды жүйенің жұмысы. Оны бір сөндіріп, бір қосып отыру мүмкін емес.
Сондықтан, жылу беруді тоқтатуды 20-25 сәуір аралығында кезең-кезеңімен жүеге асыру жоспарлануда: көппәтерлі үйлерде - 21 сәуір, ал әлеуметтік нысандарда (балабақшалар, мектептер, ауруханалар) - 25 сәуір.