Ақтөбеде су тазарту қондырғысының құрылысы
«Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамы «Ақтөбе қаласында су тазалау құрылғысын салу» (тапсырыс беруші – «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ) жұмыс жобасын жүзеге асыру шеңберінде ҚР 2022 ж. 24 қарашадағы денсаулық сақтау Министрінің ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген шаруашылық - ауыз су және мәдени – тұрмыстық қауіпсіздіктің гигиеналық нормативтік көрсеткіштерімен белгіленген су сапасын алу үшін, су тазалаудың технологиясын таңдау мақсатында технологиялық (пилоттық сынау) іздестіру жүргізу жоспарлануда.
Іздестіру жұмыстарының жүргізілу уақыты шамамен: 07.04.2025 – 28.04.2025 ж. аралығында.
Қатысуға тапсырыстарды санауға жауапты «БІРЛЕСТІК» ЖШС және «ALATAU SU ENGINEERING» ЖШС – жобалық мекемелеріне жолдау қажет. Қосымша ақпаратты alatausu@gmail.com электронды поштасына немесе +7 (702) 222 23 26 телефонына хабарласып алуға болады.