Құрметті қала тұрғындары!

Image

Құрметті қала тұрғындары!

Ақтөбе облысында жылу беру маусымын өткізу қағидаларына сәйкес, сыртқы ауаның орташа температурасы бес тәулік қатарынан +10°C және одан жоғары болған жағдайда жылу беру тоқтатылады. Қазіргі таңда бұл көрсеткішке қол жеткізілмеген, сондай-ақ алдағы күндері ауа райының салқындауы күтілуде.

Осыған байланысты, жылу беру жүйесін кезең-кезеңімен ажырату 2025 жылғы 20-25 сәуір аралығында жүргізіледі:
- көпқабатты тұрғын үйлер — 21 сәуірден бастап
- әлеуметтік нысандар — 25 сәуірден бастап.

Бөлісу: