Құрметті әріптестер!

Image

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 16 сәуір — Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Біздің сала — тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт. Сіздердің күн сайынғы қажырлы еңбектеріңіздің арқасында шаһар тұрғындары жылумен, ауыз сумен, кәріз су бұру және тазарту қызметтерімен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді.

«Aqtobe su-energy group» АҚ — өңіріміздің ірі коммуналдық кәсіпорны ретінде, бұл бағыттарда халыққа сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, авариялық жағдайлардың алдын алу, желілерді жаңарту мен дамыту, инженерлік жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жолында ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Сала мамандарының жауапкершілігі, кәсіби шеберлігі мен тәуліктік режимдегі еңбегі — тұрғындардың жайлы өмірінің кепілі. Қандай қиын сәттерде де, ауа райының қолайсыз жағдайларында да, апаттық оқиғалар кезінде де сіздер әрдайым алдыңғы шепте болдыңыздар және бола бересіздер.

Осы бір кәсіби мереке күні сіздерге зор алғыс білдіре отырып, денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Біздің бірлігіміз — күшіміз!

Құрметпен,
Қуандық Қасымов
«Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры

Бөлісу: