Поздравляем!
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің шешімімен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Құрметті қызметкері» төсбелгісі «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ның тәжірибелі маманы, Данияр Қуанышұлына табысталды!
22 жылдық үздіксіз еңбек өтілі бар әріптесіміз – қаланы сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету ісінде жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп келе жатқан кәсіби маман. Ол талай жылдан бері халыққа үздіксіз әрі сапалы су жеткізілуін қамтамасыз ету бағытында аянбай тер төгіп келеді.
Қызметіне адалдығы, кәсіби біліктілігі және салаға қосқан елеулі үлесі осындай жоғары марапатпен бағалануы – барша ұжым үшін үлкен мақтаныш.
Данияр Қуанышұлы, Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, алдағы қызметіңізге сәттілік пен табыс тілейміз!