«Aqtobe su-energy group» АҚ атындағы сквер жаңарып жатыр

Image

«Aqtobe su-energy group» АҚ атындағы сквер жаңарып жатыр

Өткен жылы біздің ұйымның атымен аталған скверді абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Алаңға қарағаш, шырша, бөртегүл және шие ағаштары отырғызылды. Биыл бұл жұмыс жалғасып жатыр – қызметкерлеріміз өз қолдарымен орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жасап, бетон төсенішін құйып, жиектастар мен жүргіншілер жолын төсеп жатыр. Жақын арада жарықтандыру жүйесі де орнатылады.

Басты мақсат – тұрғындар үшін жайлы, жасыл және қолжетімді демалыс орнын жасау. Бұл жоба – ұжымымыздың ұйымшылдығы мен бастамашылдығының жарқын көрінісі. Біз туған қаламызды көркейтуге өз үлесімізді қосуға тырысамыз.

«Aqtobe su-energy group» АҚ – қаламыздың жетекші коммуналдық мекемелерінің бірі ретінде тек жылу, су және инженерлік желілермен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілік аясында қала аумағын көркейтуге де белсенді қатысады.

Бөлісу: