26.04.2025
Құрметті ақтөбеліктер!
12-14 мамыр аралығында Ақтөбе қаласы мен Есет батыр шағын ауданының (бұрынғы Нұр Ақтөбе) тұрғындарын ыстық сумен жабдықтау шектелетіндігі жайында естеріңізге саламыз.
Бұл күндері «Aqtobe su-energy group» АҚ «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-мен бірлесіп, магистральды және ішкі кварталды жылу желілеріне жыл сайынғы гидравликалық сынау жұмыстарын жүргізеді.
Жұмыстар аяқталған учаскелерге ыстық су кезең-кезеңімен беріледі.