Поздравления сотрудникам с выходом на пенсию и 50-летним и 60-летним юбилеем

Image

Поздравления сотрудникам с выходом на пенсию и 50-летним и 60-летним юбилеем

«Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамы өз қызметкерлерін зейнеткерлікке шығуымен және 50, 60 жылдық мерейтойларымен құттықтап, салтанатты шара өткізді. Компания басшылығы ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге алғыс білдіріп, құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Көп жылдық тәжірибесі мен білімі арқылы жас мамандарға бағыт-бағдар берген бұл ардагерлер – компанияның нағыз тірегі, ұжымның мақтанышы.

«Aqtobe su-energy group» еңбек адамына құрмет көрсетуді игі дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен жандардың еңбегін бағалау – тек ризашылықтың белгісі ғана емес, болашақ ұрпаққа үлгі. Бұл дәстүр ұжымдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, компанияның әрі қарай табысты дамуына негіз болмақ.

Бөлісу: