03.05.2025
Сенбілік
Бүгін барлық нысандарымызда бір мезгілде сенбілік өткіздік. Ұжым болып жұмыла кірісіп, аумақтардан қоқыс пен құрғақ бұтақтарды жинадық, ағаштар мен бордюрлерді әктеп, қоршаулар мен басқа да элементтерді сырладық. Әрқайсымыз өз үлесімізді қосып, ортақ іске жауапкершілікпен қарадық.
Мұндай шаралар ұжымды біріктіріп, ұйымшылдықты арттырады. Ортақ еңбек – ортақ нәтиже екенін тағы бір дәлелдедік. Таза, көрікті орта – біздің қолымызда, ал бірлік пен ынтымақ – кез келген істің негізі.
Біз баршаңызды сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз! Әрқайсымыздың тазалыққа қосқан үлесіміз – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі іс. Бәрі өзімізден басталады!