Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!

Image

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!

Ақтөбе қаласының ауыз сумен қамту жүйесі тұрақты әрі үздіксіз жұмыс жасауда. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған, біздің өңірге қатысы жоқ (Сарань қаласына байланысты) жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз.

«Aqtobe Su-Energy Group» АҚ мамандары қала тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету үшін жүйелердің техникалық жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Барлық нысандарымыз қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Кез келген туындаған мәселе бойынша жедел әрекет етуге дайынбыз. Сенімді әрі сапалы қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз.

Бөлісу: