Құрметті ақтөбеліктер!

Image

Құрметті ақтөбеліктер!

7 мамыр – ерлік пен елжандылықтың, рух пен жауапкершіліктің мерекесі – Отан қорғаушылар күні!

Бұл күн – туған жердің тұтастығы мен халқының амандығы үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың рухына тағзым етіп, бүгінде бейбіт өмірді қорғап жүрген азаматтарға алғыс білдіретін қасиетті күн. Әскери киім киіп, қару ұстаған сарбаз болсын, ел тыныштығы үшін қажырлы еңбек етіп жүрген әрбір азамат – Отан қорғаны.

Сіздердің ерік-жігерлеріңіз, адалдықтарыңыз бен ұлт алдындағы ұстанымдарыңыз – келешек ұрпаққа үлгі, елдің еңсесін тіктейтін құндылық. Баршаңызға мықты денсаулық, баянды өмір, отбасыларыңызға амандық пен тыныштық тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, “Aqtobe su-energy group” АҚ Бас директоры Қуандық ҚАСЫМОВ.

Бөлісу: