Жоспарлы жөндеу жұмыстары
«Aqtobe su-energy group» АҚ нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда жөндеу-құрылыс учаскесі тарапынан 15 нысанда жүргізілген жұмыстар аяқталу сатысында. Атап айтқанда, КСБ-3 ғимаратында жаңа сорғы жабдықтары орнатылып, нысан толықтай жаңғыртылды. Аталған нысандарды аралаған Бас директор Қуандық ҚАСЫМОВ құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапарын су тазарту имаратына (ВОС) жалғастырды. Бұл жерде жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Сонымен қатар инженерлік желілердің тозуын азайту мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта И.Тайманов көшесінде ұзындығы 1000 метрге жететін су құбыры жүйесін толық ауыстыру жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыс бастапқы жоспарға енбегенімен, асфальт төселмей тұрып ескі құбырларды ауыстыру туралы шешім қабылданған. Бас директор тұрғындармен кездесіп, жөндеу барысы бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, Хиуаз Доспанова көшесінде де құбыр төсеу жұмыстары аяқталу кезеңінде.