20.05.2025
Жылу желілерін күрделі жөндеу
Жылу жүйелерінің тозуын азайту және тұрғын үйлерді жылумен қамту сапасын арттыру мақсатында Бейбітшілік даңғылы, 5 мекенжайы бойынша «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ тарапынан жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Тариф шеңберінде қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыс аясында ұзындығы 400 метр жылу желісі жаңартылып, құбыр диаметрі 159 мм-ге дейін ұлғайтылады.
Жөндеу жұмыстары мекеме мамандарының күшімен жүргізілуде, ыстық су беру шектелмейді. Жер қазу жұмыстары аяқталғаннан кейін абаттандыру толықтай қалпына келтіріледі.