21.05.2025
Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!
«Aqtobe su-energy group» АҚ 27 мамыр сағат 20-00 бастап 28 мамыр сағат 20-00ге дейін Ақтөбе қаласы, Оңтүстік-Батыс-1, Жаңақоныс (Бірлік, А, В кв-лы), Есет батыр е/м («Нұр-Ақтөбе» ш/а), Қызылжар (1,2,3), Кірпішті ауылы, Заречный-1, Заречный-2, Бауырластар-4, Жаңақоныс-2, 41-ші разъезд е/м су құбыры желілеріне хлордың жоғарғы мөлшерімен залалсыздандыру және шаю жұмыстарын жүргізетіндігі жайында хабарлайды.
Ауыз су беру тоқтатылмайды. Алайда, бұндай іс-шара кезінде хлор көп мөлшерде қолданылғандықтан, осы уақыт аралығында ауыз суды тұтынуға болмайтындығын ескертеміз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отыра, ауыз суды алдын-ала артық мөлшерде алып қоюларыңызды өтінеміз.