Бүгін КСБ-3 (Нұр Ақтөбе кәріз сорғылау бекеті) нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Image

Бүгін КСБ-3 (Нұр Ақтөбе кәріз сорғылау бекеті) нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Бүгін КСБ-3 (Нұр Ақтөбе кәріз сорғылау бекеті) нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді

КСБ-3 нысанында ревизия және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Жұмыстар барысында ысырмаларды тексеру, тазалау және ауыстыру шаралары жүзеге асырылды.

Аталған нысанның құбырының диаметрі – 1200 мм. Бұл бекетке Есет батыр ш/а, Кірпішті аудандарынан кәріз сулар келіп түседі. Тазалау кезінде құбыр ішінен тұрмыстық қалдықтар мен шүберектердің көп мөлшері табылды. Бұл бейнежазбада да анық көрініс тапты. Мұндай қалдықтар кәріз жүйесінің жұмысын қиындатып, апатты жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындарды кәріз жүйесіне тұрмыстық қалдықтарды тастамауға шақырамыз. Инженерлік желілердің тиімді әрі үздіксіз жұмыс істеуі — барша тұрғындардың ортақ жауапкершілігі.

Бөлісу: