Еңбек даңқы — ел даңқы

Image

Еңбек даңқы — ел даңқы

2025 жыл — Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануына орай, елімізде адал еңбек пен абыройлы қызметтің қадір-қасиетін арттыру мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізіліп келеді.

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты бағдарламалық мақала аясында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар арасында ұйымдастырылған «Еңбек сіңірген қызметкер» атты республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Сарманов Жанболат Абенұлы ерекше көзге түсіп, «Үздік еңбек адамы» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – тек Жанболат Абенұлының емес, жалпы өндіріс саласында маңдай терін төгіп, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген барлық азаматтардың еңбегіне берілген лайықты баға.

Бөлісу: