Жылыту маусымына дайындық
Қызмет сапасын жақсарту және алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ проспект Абай, 1 мекенжайында орналасқан жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Жұмыстар тариф аясында қарастырылған қаражат есебінен жүргізіліп, ұзындығы 320 метр құрайтын құбыр толық ауыстырылып, диаметрі 159 мм-ге дейін ұлғайтылуда.
Жөндеу жұмыстары кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылуда. Осыған байланысты, 2 маусым мен 12 маусым аралығында Абай даңғылы бойындағы 1, 3, 5, 7, 7а, 9, 9а үйлерінде және «Алма» балабақшасында уақытша ыстық су беру тоқтатылады.
Жер қазу жұмыстары аяқталғаннан кейін абаттандыру толық қалпына келтіріледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымында жылудың үздіксіз әрі сапалы берілуін қамтамасыз етуге бағытталған.