Сумен жабдықтау желісін ауыстыру

Image

Сумен жабдықтау желісін ауыстыру

“Aqtobe su-energy group” АҚ инвестициялық бағдарлама аясында Есет батыр көшесінде (Ә. Молдағұлова даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта) ұзындығы 2 км су құбырын ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Жоба көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады.

Жұмыстарды мердігер ұйым – “Влад” ЖШС көлденең бағытталған бұрғылау (ГНБ) әдісімен жүзеге асыруда. Бұл әдіс жер үсті жабындарын бұзуды барынша азайтып, жұмысты жедел орындауға мүмкіндік береді. Ауыстырылып жатқан құбырлар – беріктігі жоғары, энергия үнемдейтін, ұзақ қызмет ететін және коррозияға төзімді заманауи полиэтилен құбырлары.

Бөлісу: