14.06.2025
Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
«Aqtobe su-energy group» АҚ инженерлік желілерді жөндеу кезінде қазылған учаскелерде абаттандыру және жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Бүгінгі күні қаланың келесі көшелерінде асфальт жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды:
Жүргенев көшесі, 1;
Қарасай батыр көшесі, 66;
Жаманқұлов көшесі, 33;
Жағалау көшесі, 87.
Қалпына келтірілген аумақтың жалпы көлемі 440 шаршы метрді құрады.
Естеріңізге саламыз, тәулік бойы жұмыс істейтін авариялық-диспетчерлік қызметке 740-444 нөмірі арқылы хабарласып, кез келген мәселе бойынша өтініш бере аласыз.
Сонымен қатар, бізбен Telegram-чаты және Instagram парақшамызда @aqtobesuбайланыса аласыз. Біз әрдайым байланыстамыз және сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз!